2021 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы I кезең  нәтижелері жарияланды

21.04.21 08:56 21416
here is a new's image

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының алғашқы 5 мың жеңімпаздың  есімі анықталды. Олар ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары.

«Мың бала» олимпиадасы екінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап келеді. Жеңімпаздар дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады. «Мың бала» олимпиадасын «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізеді.

«Елімізде алғаш рет ауыл мектептері үшін олимпиада онлайн форматта ұйымдастырылды. Тестілеу арнайы әзірленген платформада өтті. Біз еліміздің көптеген ауылдарын қамти алдық, тестілеуге 100 мыңға жуық оқушы қатысты. Тесттер кеңістіктік және логикалық ойлау қабілеттерін бағалауға бағытталған. Олимпиаданың 5 мың финалисті арасында ел бойынша орташа балл 400 балдың 343-ін құрады. Ол ауыл оқушыларының ғылым, тіл және математиканы оқып-үйрену үшін жеткілікті әлеуеті бар екенін көрсетеді», - деп хабарлады «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Әнуар Жанғозин.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады. I кезең 2-10 сәуір аралығында онлайн форматта өткізілді. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған 5 мың оқушы олимпиаданың II кезеңіне өтеді. I кезең  финалистерінің тізімімен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының (fnn.kz)  және «Мың бала» олимпиадасының (1000bala.elbasyacademy.kz) сайтында танысуға болады.

II кезеңді 2021 жылғы 5 мамырда барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өңірлік тестілеу орталықтары базасында офлайн режимде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Финалистер математикалық сауаттылық, қазақ тілінде білім алатын оқушыларға қазақ тілі, орыс тілінде білім алатын оқушыларға орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық білімдерін бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді. 

Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады. Естеріңізге сала кетейік, Birge oqý онлайн-мектебінде оқу тегін жүргізіледі. Сабақтарды Назарбаев Зияткерлік мектептері, Республикалық физика-математика мектебі, елордалық лицейлер мен халықаралық мектептерден Қазақстанның жетекші педагогтары өткізеді. Оқушылар математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері сияқты пәндер бойынша білім алады.

 

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Түркістан облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Ақмола облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Ақтөбе облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Алматы облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Атырау облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Шығыс Қазақстан облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Жамбыл облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Батыс Қазақстан облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Қарағанды облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Қостанай облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Қызылорда облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Маңғыстау облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Павлодар облысы

Олимпиаданың 1 кезеңінің нәтижелері - Солтүстік Қазақстан облысы