Семей қаласының "Елбасы медалі" тәлімгерлері  мен қатысушылары «Біз таланттармыз» атты  концерт өткізді

17.12.21 17:36 44
here is a new's image

 ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Біз таланттармыз» атты есептік іс-шара өтті.  Мерекелік концертті Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының "Елбасы медалі" тәлімгерлері Шәкәрім университетімен бірлесіп "таланттар мен дағдылар" бағыты бойынша ұйымдастырды. 

Өзін дамытқысы келетін адам тек білім алып қана қоймай, қызығушылығына қарай билеу, ән айту, тамақ дайындау, актерлік шеберлік, жүзу, сурет салу, аспаптарда ойнау және т. б. қабілетін шыңдай алады. "Елбасы медалі" жобасы 14-29 жас аралығындағы жастардың бойындағы таланттарын ашуға мүмкіндік береді.

Бұл игі шараға қатысқысы келетін кез келген жоба қатысушылары мен Шәкәрім университетінің студенттері алдын ала жазылды. Қатысушылар өздері туралы презентация көрсетіп, көпшілікті жеткен жетістігімен таныстырды. Көпшіліктің көңілінен шыққан кеш заманауи эстрадалық және халық әндермен жалғасын тапты. Санитарлық нормаларды ескеріп, кешке 40 адам қатысты. Көрермендер арасында қашықтық сақталып, харизмаға толы би билеп, музыкалық аспапта ойнады. 

«Елбасы медалі» бағдарламасының тәлімгерлері Золото Татьяна мен Мағзынова Индира кеш қатысушыларын мақтау қағазымен марапаттады.