ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ: ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫ

18.01.21 15:45 1970
here is a new's image

Мен медаль ала аламын ба?

Ия, егер өз деңгейіңіздегі барлық тапсырмаларды орындасаңыз және есептерді уақтылы тапсырсаңыз.

 

Мен қола деңгейді аяқтадым. Маған қашан медаль беріледі?

Медаль иегерлерінің тізімі қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссия отырысынан кейін анықталады. Комиссия жақын арада нәтижелерді қарап, Елбасы медалі иегерлерінің есімдерін атайды. Медаль табыстау мерзімі олардың жасалуына және өңірлер бойынша жеткізілуіне байланысты. Бұл туралы қосымша хабарланады.
 

Call-орталыққа неге хабарласа алмай жүрмін?

7170 нөмірі бойынша Call-орталық қаңтар айының соңына дейін уақытша қолжетімсіз. Барлық сұрақтарды elbasymedali@elumiti.kz поштасына, техникалық сипаттағы сұрақтарды me-support@elumiti.kz поштасына жолдай аласыз. Call-орталықтың жұмысы қалпына келтірілген соң міндетті түрде хабарлаймыз.

 

Неге кейбір қатысушыларға медальдар табысталды, ал маған берілген жоқ?

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, медальдарды кезең-кезеңмен табыстау туралы шешім қабылданды.

Қатысушылардың есептерін тексергеннен кейін қола деңгейді аяқтағандардың барлығына медаль беріледі.

 

Менің жеке кабинетімде проблемалар бар. Қайда хабарласуым керек?

Техникалық сипаттағы сұрақтарды me-support@elumiti.kz эл. мекен жайы бойынша қолдау қызметіне жолдай аласыз.

 

Барлық қатысушылардан жеке кестеге сәйкес тапсырмаларды орындауды жалғастыруды сұраймыз. Өйткені, ең бастысы - мақсатқа жету барысында алған біліміңіз бен тәжірибеңіз.

Сіздерге Жаңа жылда табыс тілейміз! Біздің сайттан жаңалықтарды оқып, әрдайым хабардар болыңыз.