«Birge Oqý» онлайн мектебінде мұғалім  лауазымына байқау жариялаймыз

30.11.21 10:52 2141
here is a new's image

"Елбасы Академиясы" КҚ "Birge Oqý" онлайн мектебінде  мұғалім лауазымына байқау жариялайды.     

Байқау 2021 жылдың  30 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.

Біліктілік талаптары: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім, тиісті бейіндер бойынша жоғары арнайы педагогикалық немесе жоғары кәсіптік білім және/немесе ағылшын, қазақ, орыс тілдері, математика пәндері бойынша халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындардың болуы.

 

Байқауға қатысу үшін жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қажет: 

1) Тіркеу нысанын толтыру;

2) Жеке куәліктің/төлқұжаттың көшірмесін, фотосуреті бар түйіндемені, кәсіби білімі мен біліктілігін растайтын құжаттарды тіркеу;

3) Егер бар болса, YouTube немесе Google Drive қызметтерінде орналастырылған бейнеоқулыққа сілтеме (кем дегенде 6 минут).

 

Құжаттарды сілтеме бойынша жолдау: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfjnWQxprJzMNghPMYDsP9VEzsijpchvo4MXuicTUfV5gZTZA/viewform?usp=sf_link 

Байланыс телефондары: 8 702 271 3432 Закиров Мейрамбек

Толық ақпаратты call орталықтың 88000804848 телефоны арқылы алуға болады (қоңырау шалу тегін)