Елбасы медалінің 605 иегері ҚР жоғары оқу орындарына білім гранттарын алды

16.08.21 15:43 2012
here is a new's image

Еліміз бойынша «Елбасы медалінің» 605 иегері жоғары ұпай жинағанының және «Елбасы медалі» жобасының арқасында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, "Елбасы медалінің" иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұпайлары тең болған жағдайда білім беру гранттарын алуға басымдық беріледі.

Гранттардың ең көп бөлігін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда және Павлодар облыстарынан келген болашақ студенттер алды. Ал жүлдегерлер арасында ең танымал оқу орындары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Сүлеймен Демирел атындағы Университет және Astana IT University.

«Биыл мен таңдаған мамандыққа грант аз бөлінді. Ең төменгі өту баллы 125-тен 123-ті құрады. Мұндай жоғары бәсекелестікке таң қалдым. Алайда, өткен жылы «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысып, қола медаль алдым. Бұл медаль маған грантқа түсу кезінде басымдық берді», - деді Instagram парақшасында жаңалығымен бөліскен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің талапкері Дина Болатова.

«Елбасы Академиясы жобаларының әрбір қатысушысы – біздің  мақтанышымыз. «Елбасы медалі» жобасы дарынды жастардың, әсіресе ауыл балалары үшін болашақ табыстарға жетуіне маңызды қолдау болатынын көріп отырмыз. Жақын арада осы мақсатта тағы да бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір жас қазақстандықты жобаларға қатысуға шақырамыз», - деді «Елбасы Академиясы» КҚ директоры Асланбек Амрин.

«Елбасы медалі» жобасына барлығы 21 мыңнан астам бала қатысады. Оның ішінде 6 078 қатысушы бағдарламаны аяқтап, қола және күміс медальдарға иеленді. Естеріңізге сала кетейік, бұл – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жоба. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат мен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

2021-2022 оқу жылындағы Елбасы медалі мен білім беру гранттары иегерлерінің сандық деректері

Облыс атауы

Елбасы медалі мен 

білім гранты иегерлері

 

1

Ақмола облысы

15

2

Алматы облысы

27

3

Ақтөбе облысы

18

4

Атырау облысы

11

5

Батыс Қазақстан облысы

21

6

Маңғыстау облысы

39

7

Шығыс Қазақстан облысы

27

8

Жамбыл облысы

9

9

Қарағанды облысы

18

10

Қызылорда облысы

52

11

Түркістан облысы

13

12

Қостанай облысы

28

13

Павлодар облысы

43

14

Солтүстік Қазақстан облысы

29

15

Нұр-Сұлан қаласы

64

16

Алматы қаласы

137

17

Шымкент қаласы

54

 

Барлығы

605